Исатай ауданының әкімі Хасанов Полымбет Максимұлының «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен» аудан тұрғындарын құттықтауы

Исатай ауданының әкімі Хасанов Полымбет Максимұлының  «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен» аудан тұрғындарын құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары, қадірменді Исатайлықтар !

Сіздерді Тәуелсіз еліміздің бірлігі мен ынтымағының мерекесі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен ұлтаралық татулығының айқын белгісі.

Еліміздегі барлық этнос өкілдерінің үлес қосуымен Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, тәуелсіздігін нығайтты. Биылғы жылы аталып өтетін тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы әрбір қазақстандықтың мерейлі мерекесі, көп ұлтты еліміздің  тұрақтылығының көрінісі.

Бүгінгі күні әлемді алаңдатқан, әр адамның денсаулығына қауіп төнген шақта бірлік пен берекенің маңызы ерекше. Халқымыз қай заманда болмасын кез-келген қиындықты  ауызбіршіліктің арқасында еңсере білген. Бұл қиындықтар да артта қалып, сіз бен біз алдағы мерекелерді кең көлемде тойлайтынымызға сенемін.

Құрметті жерлестер!

Түрлі ұлт өкіліне құтты мекен болған, бейбітшіліктің символына айналған Қазақстан жасай берсін! Еліміздің гүлденіп көркею жолындағы еңбектеріңізге табыс, әр отбасына құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.

Қуанышты күндеріміз, жағымды жаңалықтарымыз көп болсын!