"Таза табиғат" акциясы

"Таза табиғат" акциясы

Исатай ауданында "Таза табиғат" ұлттық жобасы аясында тал егу акциясы өткізілді. Тал егу шарасына барлық ауылдық округтер атсалысты. Сенбілікке аудан әкімі бастаған аппарат қызметкерлері, ауылдық округтер әкімдігінің аппараты, дербес бөлімдер, ауданға қарасты мекеме қызметкерлері және аудан жастары қатынасты.

Аққыстау ауылында белгіленген орындарда жердің ылғал болуына байланысты тал егу жұмыстары алдағы күндері де жалғасын табатын болады.