Квиз интеллектуалдық ойыны

Квиз интеллектуалдық ойыны
Ақпанның алғашқы бейсенбісі – Дүниежүзілік сайлау күні
Осы мерекеге орай "Жас сайлаушылар клубының" ұйымдастыруымен сайлау тақырыбына арналған интеллектуалдық квиз ойыны өтті.
Ойын барысында қатысушылар сайлау жүйесі, азаматтық құқықтар мен демократиялық құндылықтар бойынша білімдерін сынап, белсенділік танытты. Тартысты өткен квиз азаматтардың сайлауға деген қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау мен командалық рухты нығайта түсті.
Мұндай интеллектуалдық ойындар сайлаушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел өміріне бейжай қарамайтын саналы азамат қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.