Исатай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Рамазанұлы барша аудан сайлаушыларын Дүниежүзілік сайлау күнімен шын жүректен құттықтайды!

Исатай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Рамазанұлы барша аудан сайлаушыларын Дүниежүзілік сайлау күнімен шын жүректен құттықтайды!
Дүниежүзілік сайлау күні — демократия қағидаттарын, заң үстемдігін және азаматтық жауапкершілікті дәріптейтін маңызды мереке. Әрбір сайлаушының таңдауы — ел болашағын айқындайтын шешім. Сондықтан сайлауға қатысу тек құқық қана емес, ол — ортақ тағдырға деген жауапкершілік.
Исатай ауданының тұрғындары әрдайым жоғары азаматтық белсенділік танытып, сайлау науқандарына белсене қатысып келеді. Бұл — аудан халқының саяси мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетеді.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тұрақтылық пен береке тілейміз. Бірлігіміз бекем болып, саналы таңдауымыз жарқын болашаққа жол ашсын!
Құрметпен,
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Рамазанұлы