Дүниежүзілік сайлау күніне орай Исатай ауданының Өркен және Исатай орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Мен және сайлау» тақырыбында эссе байқауы өтті.

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Исатай ауданының Өркен және Исатай орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Мен және сайлау» тақырыбында эссе байқауы өтті.

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Исатай ауданының Өркен және Исатай орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Мен және сайлау» тақырыбында эссе байқауы өтті. Бұл шығармашылық бастаманың басты мақсаты — болашақ сайлаушылардың сайлауға деген қызығушылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сайлау органдарының жұмысына деген көзқарасын анықтау. Оқушылар өз эсселерінде жеке ой-пікірлерін білдіріп, сайлаудың қоғамдағы маңызы, әрбір азаматтың жауапкершілігі мен ел болашағына қосар үлесі туралы толғанды. Жастардың белсенділігі мен терең ойлары олардың саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасып келе жатқанын көрсетті. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел өміріне бейжай қарамайтын белсенді азаматтарды тәрбиелеуге жол ашады.