“МЫҚТЫ ОТБАСЫ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕПІЛІ” СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ 🌿

“МЫҚТЫ ОТБАСЫ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕПІЛІ” СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ 🌿

4 қараша күні Исатай ауданының Аққыстау ауылында аудандық “Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі” атты семинар-тренинг өтті. Шараны Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасы құндылықтарын дәріптеу, әйелдердің рухани және қаржылық дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ шығармашылық пен кәсіпкерлікті дамыту болды.

Күн бойы өткен семинарда түрлі бағыттағы спикерлер қатысып, тыңдаушылармен пайдалы кеңестері мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

💬 Психолог Ботакөз Ибраим “Әйелдің ішкі тыныштығы – отбасының үйлесімі” тақырыбында сөз сөйлеп, жан тыныштығы мен отбасылық гармонияның маңыздылығын атап өтті.
🎨 “Gulia Collection” брендінің негізін қалаушы Гуларай Атоллаева қатысушыларға қолөнерден шеберлік сабағын өткізді.
💰 Қаржылық сарапшы Ақан Қайырғалиев қаржылық сауаттылық пен жеке бюджетті басқару жөнінде құнды кеңестер берді.
🌺 Психолог, коуч Айгүл Сансызбайқызы, кәсіпкер Руфина Жұмабаева және “Қарақат” студиясының директоры Эльвира Батырқызы өз жетістік тарихтарымен бөлісіп, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Шара соңында аудан әкімі Н.Мусин семинар-тренингті қорытындылап, үлгілі отбасыларды, жаңадан шаңырақ құрған жас отбасыларды және спикерлерді марапаттады.

✨ Семинар-тренинг қатысушыларға мол шабыт пен жаңа серпін сыйлап, “Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі” қағидасының өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.