
2025 жылғы 30 қазанда «Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында аудан активінің жиналысы өтті.
Жиналыста Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Губашев К.Р., Қамысқала ауылдық округінің әкімі болып сайланған Тажиденова Рафигат Ануарбековнаға куәлік тапсырды.
Тікелей сайлау нәтижесінде Қамысқала ауылдық округінің әкімі болып сайланған Тажиденова Рафигат Ануарбековна 2025 жылдың 30 қазанынан бастап өз міндетін ресми түрде атқаруға кіріседі.
Рафигат Тажиденова 1968 жылы 20 қаңтарда Жанбай селосында дүниеге келген.
Аққыстау ауылында аудандық ауылшаруашылық бөлімінде, аудандық әкім аппаратында, Исатай аудандық көп салалы комуналдық-шаруашылық мекемесінде, Атырау облыстық статистика басқармасында, Исатай аудандық статистика басқармасында, Исатай аудандық кәсіпкерлік бөлімінде, Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппаратында, жалпы 34 жылдан астам қызмет атқарды.
2021 жылы «Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі» мемлекеттік мекемесінің әкімі болып сайланды. Сайлауға дейін, «Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі қызметін атқарды. «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалынан ұсынылды.