2025 жылғы 15 шілдеде Аққыстау ауылының "Жалын" мәдениет
үйінің ғимаратында аудан активінің жиналысы өтті. Жиналыста Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы К.Губашев Аққыстау ауылдық округінің әкімі болып сайланған Махашов Ерболат Нұрлыбекұлына әкімнің куәлігін тапсырды.
Тікелей сайлау нәтижесінде Аққыстау ауылдық округінің әкімі болып сайланған Ерболат Нұрлыбекұлы Махашов 2025 жылдың 15 шілдесінен бастап өз міндетін ресми түрде атқаруға кірісті.
Ерболат Махашов 1987 жылы 23 наурызда Аққыстау ауылында дүниеге келген.Исатай аудандық білім бөлімінде, Исатай аудандық қаржы бөлімінде, Исатай ауданы әкімінің аппаратында, Исатай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде, Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінде, Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясында, жалпы мемлекеттік қызметте 16 жылдан астам қызмет атқарды.Сайланғанға дейін Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының басшысы қызметін атқарды. Сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.