2024 жылғы 31 наурызда өткен Исатай аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 31 наурызда №6 және №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Исатай аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
№6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 1442 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 745 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 7 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Исатай аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Н.С.Ателов үшін сайлаушылардың 185 дауысы берілді;
Н.С.Искалиев үшін сайлаушылардың 119 дауысы берілді;
Ж.К.Кабиев үшін сайлаушылардың 413 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 3.
Сайлау қорытындысымен №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Исатай аудандық мәслихаттың депутаты болып:
Женисбек Кисапович Кабиев, 1975 жылы туған, «КазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы Исатай газ шаруашылығының директоры, Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны сайланды.
№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 1870 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 989 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 10 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Исатай аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Е.А.Доскалиев үшін сайлаушылардың 623 дауысы берілді;
М.С.Насихатов үшін сайлаушылардың 99 дауысы берілді;
Н.З.Пауеденов үшін сайлаушылардың 248 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 1.
Сайлау қорытындысымен №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Исатай аудандық мәслихаттың депутаты болып:
Едиге Амангельдиевич Доскалиев, 1986 жылы туған, «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Исатай ауданы Жанбай ауылының тұрғыны сайланды.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы