2021 жылғы 7 қарашаға тағайындалған Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  

2021 жылғы  8 қазандағы

№22 қаулысына  қосымша

 

 

2021 жылғы 7 қарашаға тағайындалған Исатай ауданы

Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу

 жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1.Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім)сайлауын тағайындау

 

Исатай аудандық  аумақтық  сайлау комиссиясы

2021 жылғы 8 қазанға  әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын

(113-1-б.2,3-т.)

 

          2.Сайлау округінің  шекаралары мен Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен  

2021 жылғы 18 қазаннан  кешіктірмей

(22-б.)

 

           3.Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 

2021 жылғы 18 қазаннан  кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

  4.Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялау   

 

 Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен

2021 жылғы 22 қазаннан  кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

 5.Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

 Исатай ауданының әкімдігі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік

2021 жылғы 22 қазанға  дейінгі  мерзімде

 (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен  азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен

2021 жылғы  9 қазаннан  басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда

22 қазан 2021 жылы жергілікті уақытпен сағат

он сегізде аяқталады.

(113-3-б.1-т.)

 

7.Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

 

(4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)

 

8.Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9.Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

10.Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің  қызметкерлерін  тарта  отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

11.Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12.Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат  пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге  дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13.Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік  кіріс   органдары

Кандидат  тіркелген  күннен  бастап  бес  күн  ішінде

(113-5-б. 4-т.)

 

14.Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын

2021 жылғы 27 қазанда  жергілікті  уақытпен

сағат он сегізде аяқталады

(113-5-б.)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16.Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Исатай ауданы әкімдігі және Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға 2021 жылғы  27 қазанға  дейін

(28-б. 6-т.)

17.Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен 

27 қазан сағат он сегізден кейін басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2021 жылғы 6 қарашада жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

18.Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Исатай ауданы әкімдігі және Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19.Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

 Исатай ауданының әкімі

2021 жылғы 18 қазанда дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

(24-б. 5-т.)

 

20.Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2021 жылғы 23 қазанда дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

(26-б. 1-т.)

 

21.Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен

2021 жылғы 27 қазаннан  кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22.Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Исатай  аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2021 жылғы  4 қарашадан ерте емес

6 қарашадан  кеш емес

(37-б. 3-т.)

 

23.Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс  берудің  басталуына бір  сағат  қалғанда

2021 жылғы  7 қараша күні  жергілікті  уақыт бойынша сағат  06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік  сайлау  комиссиялары

2021 жылғы 7 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат  07:00-ден  20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25.Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімсайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау  комиссиялары

2021 жылғы 7 қараша жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

26.Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға  қол  қойылғаннан  кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

27.Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Исатай аудандық  аумақтық  сайлау  комиссиясына  ұсыну

 

Учаскелік   сайлау  комиссиялары

Хаттамаға  қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28.Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

 Исатай  аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен

2021 жылғы 10 қарашадан  кешіктірмей

(113-10-б.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

2021 жылғы 11 қарашадан  сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

(44-б.)

 

30.Сайланған  әкімдерді  тіркеу,  тиісті куәліктер  беру

 

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап

2021 жылғы 14 қарашаға дейін жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімдерден 2021 жылғы 14 қарашаға дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
08 октября 2021