Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды хабары

Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды хабары

2021 жылғы 25 шілдеде Исатай ауданының бір сайлау округі бойынша округ әкімінің сайлауы өтті.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:

Аққыстау ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі
Аққыстау сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6269 сайлаушы енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 5284. Жарамсыз бюллетеньдер саны 199, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгілегендер саны - 57.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Г.М.Боранбаевқа – 3570
Е.А.Досқалиевке – 904
Қ.М.Наубетовке -554

Аққыстау ауылдық округінің әкімі болып Боранбаев Ғаділ Махуұлы, 1963 жылы туған, Аққыстау ауылдық округі әкімі, Аққыстау ауылының тұрғыны,«Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.


Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
26 июля 2021