Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізілді

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізілді

19 мамыр 2025 жылы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы Д. Қалымов №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау маманы» қызметінің маңыздылығын түсіндіріп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын кеңінен түсіндіру мақсатында оқыту семинарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, жас мөлшері он алты жасқа толған жасөспірім азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол берілетіндігі, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленетіндігі түсіндірілді.