
2025 жылғы 19 мамырда «Каспий Нефть» ЖШС-де еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясының мүшелері үшін оқыту семинары өтті. Семинарды Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.К. Имангалиев жүргізді. Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімі басшысы Д.Ким және компанияның басшылық өкілдері мен кадрлық мамандары қатысты. Семинар барысында еңбек заңнамасының негізгі қағидалары, келісу комиссиясының қызметі, еңбек дауларын қарау тәртібі, сотқа дейінгі реттеу тәсілдері және медиация элементтері қарастырылды. Қатысушылар практикалық мысалдар арқылы білімдерін жетілдіріп, сұрақ-жауап форматында пікір алмасты.