Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғаларды алдын алу мақсатында, Мемлекеттік енбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы И.Игамбердиев 2025 жылдын 15 мамыр күні «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС-нің «Сазанқұрақ» кен орнында жауапты уәкілдері және жұмысшыларымен өндіріс аланында кездесу өткізді. Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі бағытында еңбек заңнамасының талаптары бойынша құқықтық түсіндірме беріп, жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.