Департамент қызметкерлерінің мотивациялық серпінін арттыру мақсатында арнайы тренинг ұйымдастырылды

Департамент қызметкерлерінің мотивациялық серпінін арттыру мақсатында арнайы тренинг ұйымдастырылды

       2025 жылғы 15 мамыр күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде қызметкерлердің мотивациялық серпінін арттыру мақсатында арнайы тренинг ұйымдастырылды.

         Іс-шараға департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл К.К.Имангалиев төрағалық етті. Тренингті кәсіби эксперт-психолог, «ПАРАСАТ» интеллектуалды-авторлық дамыту орталығының негізін қалаушы, Халықаралық психологтар одағының мүшесі, «Құрметті менің аналарым» кітабының авторы, «JASA» әйелдер академиясының құрылтайшысы -Асемгүл Темірболатқызы жүргізді.

         Тренинг барысында қатысушылар жұмыс мотивациясын арттырудың психологиялық әдістерімен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Спикер кәсіби әрі практикалық кеңестерімен бөлісіп, ұжымдық рухты нығайтуға бағытталған тиімді тәсілдер ұсынды.