Мектеп оқушыларымен кездесу

Мектеп оқушыларымен кездесу

Бүгін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің инспекторы  А.Ахатова №42 Нұрлан Балғымбаев атындағы  жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушыларымен кездесіп, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау маманы» қызметінің маңыздылығымен таныстырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бөлігінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жас мөлшері он алты жасқа толған жасөспірім азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол берілетіндігі, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленетіндігі түсіндірілді.