Астана қаласында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған халықаралық көрме-форумы өтті

Астана қаласында  Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған  халықаралық көрме-форумы өтті

2025 жылдың 28-29 сәуірі аралығында  Астана қаласында  Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Қауіпсіз жұмыс: жаңа сынтегеуріндер мен цифрлық шешімдер» атты халықаралық көрме-форумы өтті. Аталған форумға  Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау  облысы бойынша департаментінің басшысы И.А.Аубакиров қатысты. Іс-шара аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.К.Жақыпованың төрағалығымен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өңірлік департамент басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда еңбек инспекциясы органдарының қызметін жетілдіру және дамыту бағытындағы мәселелер қарастырылып, болашаққа арналған нақты жоспарлар айқындалды. Сонымен қатар, министр С.К. Жақыпованың атынан Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау  облысы бойынша департаментінің басшысы И.А. Аубакировке және бірқатар өңірлік департамент басшыларына еңбек қорғау саласындағы белсенді еңбектері үшін алғыс хаттар табысталды.