2025 жылдың 28 сәуірінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бекітілген жоспарына сәйкес, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай семинар-кеңес өткізілді. Семинарда ЕҚжҚОҚ бойынша 2025 жылдың І-тоқсанына арналған есеппен Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Ануарбек Каримов таныстырды. Мемлекеттік еңбек инспекторы Сабыржан Төлегенов Дүниежүзілік еңбек қорғау және жазатайым оқиғаларға арналған баяндама жасап, түсіндірме жұмысын жүргізді. «Семсер Өрт қауіпсіздігі» ЖШС-нің өкілі Бушманов Евгений өрт қауіпсіздігі бойынша презентациямен таныстырды. «Медикер» ЖШС Басқарма төрағасы Анар Жұмаханова кешенді медициналық шешімдер жайында баяндама жасады.Өндірістік оқиғалар бойынша мердігер компаниялар «Caspian Downhole Services» ЖШС, «КазТехМунайСервис» ЖШС, «KazProjectOperating» ЖШС, «КМG EP-Catering» , «Tes Service Company Group» ЖШС есеп берді. Сондай-ақ, цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын жұмыс орындарында қауіпсіздікті арттыру мақсатында қолдану мәселелеріне назар аударылды. Барлық баяндамалар мен есептер негізінде қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған нақты ұсыныстар берілді.