28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай дөңгелек үстел

28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай  дөңгелек үстел

2025 жылғы 25 сәуірде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Еңбек қауіпсіздігі мен гигенасына революциялық көзқарастар: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрландырудың рөлі» тақырыбында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-інде дөңгелек үстел өткізілді.      Жиынды Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары К. Имангалиев жүргізді.  Дөңгелек үстелге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысының орынбасары А.О.Салимгереев, жетекші инженерлер мен технологиялық қондырғылардың бастықтары және өндірістік бөлімшелердің техникалық инспекторлары және мердігер компаниялар қатысты. Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, «АНПЗ» ЖШС-де енгізіліп жатырған жаңа технологиялармен таныстырды. Айбек Салимгереевтың айтуы бойынша, «АНПЗ» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. 2022 жылдан бастап жылдамдықты бақылау, ЖҚЕ сақталуын және жеке қорғаныс құралдарын қолдануды қадағалайтын жасанды интеллекті бар камералар орнатылды, SMART-дулығалар сынақтан өткізілді, ауысым алдындағы автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесі іске қосылды. Цифрландыру аясында өндірістік және әкімшілік ғимараттарға оқыту материалдарын көрсету үшін экрандар орнатылды, сондай-ақ «Қорғау» сигналдарын тіркеу және қызметкерлерді ынталандыру үшін My ANPZ мобильді платформасы енгізілуде. Бүгінгі күні платформада 564 қызметкер тіркелген, ал 2025 жылдың соңына дейін толық қамту жоспарланып отыр деді.      Жиын барасында еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, жұмысшы-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы кеңінен әңгілелеп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.