Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы профилактикалық іс-шаралар

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы профилактикалық іс-шаралар

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғаларды алдын алу мақсатында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің  Атырау облысы бойынша департаментінің инспекторы Ж.Б.Ураков 2025 жылдың 25 сәуірінде «Ремвагон» ЖШС-нің жауапты өкілдері және  жұмысшыларымен өндіріс алаңында кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Ураков еңбек қауіпсіздігі бағытында еңбек заңнамасының талаптары бойынша құқықтық түсіндірме беріп, жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.