Жұмысшылардың құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік қорғалуын және еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне баса назар аудару мақсатында жыл сайын, 28 сәуірде Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бастамасы бойынша Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтіледі.
Биылғы атаулы күн «Еңбек қауіпсіздігі мен гигенасына революциялық көзқарастар: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрландырудың рөлі» тақырыбымен өтеді. Осыған орай Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен іс-шаралар жоспары бекітіліп, соның бірі «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) зауытында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында зауыттың еңбекті қорғау, қоршаған орта мен өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне жауапты өкілдері Сембай Шәріпов, Әбілхан Кенжебаев мұндағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, жұмысшы-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы кеңінен әңгілелеп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Кездесуде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Телеғариева, Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Еділ Ұзақбай, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы м.а. Сабыржан Төлегенов, бас маман Айгүл Ахатова сөйлеп, ой-пікірлерімен бөлісті. Олардың айтуынша, жұмыс берушілер қауіпсіз еңбек үшін жауап береді, жұмысшылар қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өздерін және әріптестерін негізсіз тәуекелдерге ұшыратпауға, өз құқықтарын білуге, профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуға және еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір жұмыс орнында қызметкердің өмірін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін сақтау үшін тұрақты жұмыста табысқа жұмыс беруші мен қызметкерлердің күш-жігерін біріктіру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Еңбекті қорғаудың ұлттық мәдениеті – барлық мүдделі мемлекеттік органдар, кәсіпорын басшылары, кәсіподақ ұйымдары мен жауапты қызметкерлер қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысуы тиісті. Жасанды интеллект және газ өңдеу зауыттарындағы жұмыс орнындағы цифрландырудың рөлі барған сайын маңызды болып келеді. Ендеше жасанды интеллект және цифрлық технологиялар жұмыс күші мен өндіріс процестеріне әсер ететін негізгі салалар екендігін, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының ролін көтеру үшін коллеждердегі және мектептердегі оқушыларының қызығушылықтарын арттыруға да маңыз беруді ескерген жөн.
Ел экономикасындағы тұңғыш газ-химия кешені еліміздегі полипропилен өндіретін тұңғыш интеграцияланған газ-химия кешенінің операторы саналатын зауыт жылына 503 мың тонна пропилен өндіретін пропанды дегидрлеу, түйіршік түрінде жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін полимерлеу қондырғыларының жобаларымен жұмыс жасайды. Қазір мұнда ІТ компаниялармен қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқарудың автоматтандырылған бағдарламасын енгізу бойынша келіссөздер жүріп жатқан көрінеді. Бүгінде зауытта еңбек ететін 600-ге жуық жұмысшы-қызметкердің 97 пайызы бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері болып табылады.
Еділ Ұзақбайдың пікірнше, жасанды интеллект ықтимал апаттарды, газдың ағуын немесе жабдықтың істен шығуын болжау үшін сенсорлардан алынған деректерді талдайды. Бейнебақылау және жағдайды тану бойынша өндірістегі қауіпсіздік ережелерін бұзу мен төтенше жағдайларды автоматты түрде анықтауға, технологиялық процестерді оңтайландыруға, сандық егіздер: жабдықтар мен процестердің виртуалды көшірмелері жасалады, бұл өзгерістерді нақты өндіріске қауіп төндірмей модельдеуге мүмкіндік береді.
«Сонымен қатар, процесті басқаруды автоматтандыру арқылы жасанды интеллект тиімділікті арттыру және шығындарды азайту үшін нақты уақытта жабдықтың жұмыс параметрлерін реттейді, үлкен деректерді талдау негізінде оңтайлы әрекеттерді ұсына отырып операторларға негізделген шешім қабылдауға көмектеседі, жабдықтың жүктелуін, ресурстарды тұтынуды және өнімнің шығымдылығын болжауға, оқыту және біліктілігін арттыру үшін жабдық пен персоналға қауіп төндірмейтін қызметкерлерді шынайы оқытудың маңызы зор. Персонал өнімділігін талдау: сандық жүйелер оператор жұмысын бақылайды және жақсарту бойынша ұсыныстар береді. Қол еңбегін қысқарту роботтандыруға жүктеледі, роботтарды тексеру, өлшеу, сынама алу және басқа да қауіпті немесе күнделікті операцияларды орындау үшін пайдалануға кең жол ашылвды» - деді Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Еділ Ұзақбай. Ол Saudi Aramco мұнай компаниясы, Сингапурдың Shell мұнай өңдеу зауытында, Ресейдің Усть-Луга теңіз порты аумағында газ өңдеу зауытында жасанды интеллект пайдалануды мысалға келтірді.Дөңгелек үстелге қатысушылар зауыт ішін аралап, оның бүгінгі тынысымен және жұмысшы-қызметкерлердің еңбек жағдайларымен танысты.