Еңбек инспекторы студенттермен кездесті

Еңбек инспекторы студенттермен кездесті

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күні және 2025 жыл – Жұмыскер мамандықтарының жылы деп жариялануына орай, бүгін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы міндетін атқарушы С.Т.Төлегенов «Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі» студенттерімен кездесті.

         Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттардың алдын алу, жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселелері бойынша түсінік берді. Сонымен қатар, еңбек қатынастарына байланысты жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы заңды құқықтар мен міндеттемелер, еңбек шартын дұрыс рәсімдеу жөнінде кеңестер берілді.

         2025 жылдың Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жариялануы аясында кездесудің тағы бір маңызды мақсаты – жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру, жастарды кәсіптік-техникалық білім алуға ынталандыру және өндірістегі кәсіби шеберлікті насихаттау болды.

         Жас мамандарға еңбек заңнамасын түсіндіру арқылы олардың еңбек мәдениетін арттыру және қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру.