
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғаларды алдын алу мақсатында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің инспекторы Ж.Б.Ураков 2025 жылдың 16 сәуірінде «KazTransOil»АҚ-ның АМҚБ-ның жауапты өкілдері және жұмысшыларыменөндіріс алаңында кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Ураков еңбек қауіпсіздігі бағытында еңбек заңнамасының талаптары бойынша құқықтық түсіндірме беріп, жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.