Еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс беруші үшін өте маңызды келісім. Еңбек шартын жасасу арқылы азаматтар еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын жүзеге асырады және кәсіп пен мамандықты еркін таңдауы мүмкін. Келісімде көрсетілген шарттарға сәйкес, олардың өзара қарым-қатынастарының барлық кезеңдері жұмыс басталғаннан бастап еңбек ақысын түпкілікті төлеуге дейін көрсетіледі. Келісім тек қана жұмыс жасауды ғана емес, сонымен бірге оның одан әрі ілгерілеуін реттейді. Егер құжат дұрыс жасалса және онда барлық ықтимал нюанстар ескерілсе, жұмыс процесі еш сұрақ туындаматпай жүргізіліп отырады. Себебі қызметкер жұмыс үрдісінің барлық жағдайларымен таныс, ал жұмыс беруші оған сапаға, мерзімге ақы төлеуді міндетке алады.
Еңбек шарты жасақталмаған жұмыстың зардап тигізер салдары:
- сот жүзінде еңбекақы берешегін өтеудің мүмкіншілігі болмайды немесе қиындықтар туғызады;
- жұмыс істеген уақыты еңбек өтіліне жазылмайды;
- зейнетақы жарналары және басқа да әлеуметтік төлемдер жасалмайды;
- сот арқылы жалақыны толық көлемде өтей алмау;
- қызметкердің табыстары мен төлем қабілеттілігінің дәлелдеудегі туындайтын проблемалар (көбінесе, төмендетілген жалақы банк несиесін беруден бас тартуға әкеп соқтырады);
- жұмыс берушінің құқықтарын теріс пайдалану;
- қызметкерге қосымша міндеттер арту, қосымша жұмысқа тарту, заң бойынша төленетін кепілдіктер мен өтемақының төленбеуі.
Сондықтан, жұмыс берушіден қол қойылған еңбек шартының көшірмесін талап етуге кеңес беріледі. Жұмыс берушінің еңбек келісім-шартын жасаспауы қазіргі еңбек заңнамасының бұзылуы болып табылады және сөзсіз әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкеп соғады. Еңбек келісім шартының мазмұны Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 28-бабында жазылған.