Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Мақат ауданының прокуратурасынан "Қарабатан" елді мекенінде орналасқан "Болашақ" өңдеу зауытында жұмыс жасап жатырған "АРИАДНА" ЖШС-нің жұмысшылар арасында еңбекақыны көтеру туралы талап қойылғандығы анықталып, еңбек дауларын бейбіт, әрі заң шеңберінде реттеу мақсатында уәкілетті органдардың қатысуымен аталған мекеменің жұмысшыларымен түсінік жұмыстарын жүргізу жөнінде хаты келіп түскен болатын.
Осыған байланысты, 2022 жылдың 19 сәуірінде Атырау Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына Мақат ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 сәуір сағат 21:00-де "АРИАДНА" ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесіп, түсінік жұмыстары жүргізетіндігі хабарланды.
2022 жылдың 20 сәуір күні сағат 21:00-де Қарабатан елді мекенінде орналасқан "Ялан" тұрғын үй кешенінде Мақат ауданы әкімінің орынбасары Б. Жайкиннің, Мақат ауданы прокуроры Н. Ешмановтың, аудан прокурорының орынбасары А. Айтқалиевтің, Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы К. Имангалиевтің қатысуымен жиын ұйымдастырылып, еңбекақы бойынша ешқандай заң бұзушылықтар анықталмағандығы жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.
Аталған жиынға "АРИАДНА" ЖШС-нің бас директорының орынбасары М. Мирзоев, сол мекеменің бөлім бастығының орынбасары К. Сарбалин және 30 шақты жұмысшылар қатысты.
Қазіргі таңда, "АРИАДНА" ЖШС-де еңбек жағдайы тұрақты, жұмысшылардан ешқандай еңбекақы мәселесіне қатысты наразылық түскен жоқ.