1.СҰРАҚ: Жыл басынан бері жалақының кешігуіне байланысты қанша арыз-шағым түсті (қаралды)?
Жыл басына бері Басқармаға 592 арыз түсті (2020-1412), оның ішінде жалақының кешігуіне байланысты түскен арыздар саны 299. Ол арыздар бойынша тексерулер тағайындалып тиісті шаралар қабылданды. Басқарма тарапынан заң бұзушылыққа жол берген тұлғалар анықталып бүгінгі күнге 37 мекемеге 6,7 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.
2. СҰРАҚ: Көбіне Сіздің «Жедел желіге» қандай сұрақтар жиі келеді?
Басқарманың 1302 қалалық, 87719927263 мобильдік ватсап ыстық желісі іске қосылды. Жиі қойылатын сұрақтар еңбекақының уақтылы төленбеуі немесе кешігуі, заңсыз жұмыстан босатылуы немесе қысқартылуы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысы үшін өсімақыны дұрыс есептемеуі, еңбек шарты бұзылғаннан кейінгі уақтылы немесе дұрыс есеп айырыспау сияқты сұрақтар. Тұрғындардан жиі қоңырау түседі, 2020 жылы 125 адамға (2020-400) түсіндірме берілді, 1302 арқылы 16 (2020-41). Басқарманың FACEBOOK желісі арқылы 251 азаматқа еңбек қатынасы туралы түсінік беріліп отырады.
Сонымен қатар, жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде ай сайын еңбек заңнамасына байланысты мақалалар жарияланып отырады.
3.СҰРАҚ:Еңбек қауіпсіздігі бойынша не айтасыз?
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Басқарманың негізгі міндеттері болып
табылады. Өндірістегі жарақат алған жұмысшылардың құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы талаптарға сәйкес қорғалады. Әрбір жұмыс беруші өзінің жұмыскерлерімен міндетті жазатайым оқиғалардан сақтандыру келісім шартын жасақтайды. Бүгінгі күнге 19 жазатайым оқиғасы тіркелді, орын алған оқиғалар бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп арнайы тергеп-тексеру актілері шығарылып тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.
4.СҰРАҚ:Бұрын вахтовиктер 28 күн жасайтын. Соңғы кезде 56 күн болды. Айлық еселеніп төленуде ме?
Бұл сұрақ бүгінгі күнге ақуалды болып отырғаны рас. Пандемияға байланысты көптеген компаниялардың жұмыс көлемі қысқартуына әкеліп соқтырғаны көпшілікке мәлім. Осыған байланысты жұмысшылардың да жұмыссыз қалу себептері болды. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар өзара келісім бойынша жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында қосымша еңбек шарты жасақталып, вахталық мерзімдер ұзартылғаны рас. Оған қоса жұмыскерлердің жалақыларына да өзгерістер енгізілді. Айлық еселенген тәртіппен төленуде.
5.СҰРАҚ: «Вакцина алмағандар жұмысқа қосылмайды» деген сөз рас па?
Вакцина алу ерікті түрде жүзеге асырылады. Вакцина алмағандар жұмысқа қосылмайды деген мағына заңға қайшы деп санаймын. Жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара келісім арқылы шешіледі.
6.СҰРАҚ: Оқырмандар қайта-қайта «қызыл» аймаққа еніп отырған атыраулықтарға жұмыссыз қалған жағдайда 42500 тенге төленбейді ме, деп сұрайды. Бұған не айтасыз?
Жұмыссыз қалғандар, еңбек қатынасында жоқ адамдар жергілікті жұмыспен қамту бөлімдеріне барып, жұмыссыздық бойынша тіркелуі қажет. Содан кейін жұмыссыздық бойынша арнайы төлемақы жүргізіледі. Бұл мәселе аталған мекемелердің құзырында болғандықтан, нақты қанша төлемақы берілетінін айта алмаймын.
7.СҰРАҚ: Жұмысқа жарамсыз (аурулығы себепті) болғанда не артық сағат (сверхурочный) жасағанда ақша қалай төленеді?
Жұмысқа жарамсыз парағы бойынша төленетін ақша 15 АЕК мөлшерінен аспау қажет. Ал артық сағаттары үшін ҚР Еңбек кодексінің 108 бабына сәйкес үстеме (сверурочный) жұмысқа еңбек немесе ұжымдық шартта жұмыскердің күндік (сағатық) тарифтік мөлшерлемесі негізінде бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді.
8.СҰРАҚ: Шетелдік жұмыс күшінің тартылуы, олардың еңбекақысы мен жергілікті жұмысшылар еңбекақыларындағы айырмашылықтар жайында айта кетсеңіз?
Өзіңіз көтеріп отырған мәселе, яғни дискриминация дейміз, ол еңбекақыларының айырмашылығы немесе кемсіту фактілері деп атауға болады. 2020 жылы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінгің өтініші бойынша Елбасының тапсырмасына сәйкес шетел жұмыс күштері бар компанияларға тексеру жұмыстары жүргізілді. 43 компанияға тексеру жүргізу барысында 109 отандық қызметкерлерді кемсіту фактісі анықталды, сондай-ақ, 167 шетелдіктің мамандығына сәйкес емес қызметпен айналысу фактісі, 114 шетелдіктің атқарып отырған лауазымына білімінің сәйкес еместігі анықталды. Басқармамен қажетті тиісті шаралар алынып, 24 нұсқама, 264 әкімшілік іс қозғалды, 96,5 теңге сомасына айыппұл төленді, және уәкілетті органға 262 шетелдіктің мерзімін ұзартпауға және кері шақырту туралы хат жолданып, 212 шетелдіктердің рұқсат қағаздары кері шақырылды. 2021 жылы наразылық акциялары тіркелген жоқ.
9.СҰРАҚ:Елімізде бәріне ортақ Еңбек кодексі бар. Бірақ, оған қарамастан, әр жұмыс беруші бұны өз мүддесіне қарай бұрып алады. Жалпы жыл басынан бері жұмыс берушіден жәбір көрген қанша адам көмек сұрады. Мәселесі қалай шешілді:
Әр азамат жұмысқа кірерде жүмыс беруші екеуі арасында еңбек шартын жасақтайды.Сол кезде екі жақты келісіммен еңбекақысы, жұмыс уақыты, еңбек демалысы, еңбек жағдайлары келісіледі. Сол келісім арқылы әрі қарай жұмысқа кіріседі. Бұл жерде жұмыс беруші тарапынан бұрмалау немесе өзінің мүддесіне қарай бұру деген мағына болмауы тиіс. Сондықтан да, еңбек шартын жасақтар алдында адамдар өзінің құқығы мен міндеттеріне, сондай-ақ жұмыс берушінің міндеттері мен құқықтарына да назар аударулары қажет.
10.СҰРАҚ: Газет оқырмандарына қандай тілек айтасыз (жаңалық, т.б.)?
Оқырмандарға, жалпы баршаға айтарым, жұмысқа кірісерде жұмыс берушіден еңбек шартын талап ету қажет, өз денсаулықтарын қорғау, сақтау мақсатында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін атап өткім келеді.
Тағы бір басты мәселе, жаз мезгілінде мектеп оқушылары мен білім беру мекемелерінің студенттері үшін демалыс күндері басталады. Сол кезеңде көптеген жастар жұмыс жасағылары келеді. Жұмыс жасау үшін олар және ата-аналары қолданыстағы заңнаманың кейбір талаптарын білуі керек. Еңбек заңнамасында өызметкерлердің, оның ішінде 18 жасқа толмағандардың еңбек тәртібін реттеу ерекшеліктері айқындалған (ҚР Еңбек кодексінің 31 бабы 2 тармағы). Кәмелетке толмағандарды түнгі, ауыр жұмыстарға, денсаулығына зиян келтіретін, олардың моральдық дамуы мүмкін зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарға жіберуге тыйым салынады. Осы жағдайды ескере отырып, еңбек шартына ата-анасының, қорғаншысының, қамқоршысының немесе заңды өкілдері болып табылатын асырап алушының ата-анасымен қол қою керек. Осы жерде ата-аналардың назарына: балаларыңызды жұмысқа орналастыру кезінде жұмыс орындарына барып жұмыс берушілермен тікелей байланыста болуды сұраймын.
Туындаған сұрақтарыңыз бойынша жауаптарыңызды Басқарманың 1302 және 87719927263 нөмірі арқылы ала аласыздар.
Атырау облысы мемлекеттік инспекция басқармасының басшысы Әубәкіров Игілік Айдарұлы.