
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ. Иманғалиев «сұрақ – жауап» форматындағы сұхбат беріп, мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі, департамент жұмысының негізгі бағыттары және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жөнінде әңгімеледі.
Сұхбат барысында Қ. Иманғалиев мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттеріне тоқталып, оның басты бағыттарына Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, азаматтардың өтініштерін қарау, қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ықпал ету, сондай-ақ жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жататынын атап өтті.
Сұхбаттың толық нұсқасымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз https://www.facebook.com/share/v/192uUFqxdY/