Еңбек заңнамасының қандай талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандарға жұмысжа сауға рұқсат етілген

Еңбек заңнамасының қандай талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандарға жұмысжа сауға рұқсат етілген

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі –Кодекс)31- бабына сәйкес, он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.

         Кодекстің 31- бабының 2- тармағы сай, еңбек шарты 1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

         Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс.

Сонымен қатар, еңбек заңнамасында еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулерде көзделген.

Кодекстің 26- бабының 2- тармағына сәйкес, ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) он сегіз жасқа толмаған азаматтарменеңбек шартын жасасуына жол берілмейді.

Алайда, Кодекстің 69- бабының 1-тармағына сәйкес, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген.

1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;

2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Сондай-ақ, Кодекстің 76- бабының 2- тармағы бойынша он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер түнгі уақыттағы жұмысқа жіберілмейді.

Сондықтан, жазғы оқу демалысының басталуына байланысты кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде жоғарыда аталған талаптар мен шектеулерді сақтау қажеттілігіне жұмыс берушілердің назарын аударамыз.