«Дина» сауда орталығында «Тегін Заң көмегі» акциясы өткізілді

«Дина» сауда орталығында «Тегін Заң көмегі» акциясы өткізілді

          Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамда заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асыру аясында Атырау қаласы «Дина» сауда орталығында тұрғындарына арналған «Тегін Заң көмегі» акциясы өткізілді.

         Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қолданыстағы заңнама талаптарын кеңінен түсіндіру.

         Акцияға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы Б.Ж. Карабалиева қатысып, тұрғындардың еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарына жауап беріп, тиісті құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         Сонымен қатар, акцияға  прокуратура, полиция департаменті, кірістер басқармасы, білім беру басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, тұрғын үй және жер қатынастары бөлімдері, жұмыспен қамту бөлімдері, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары қатысты. Олар тұрғындарға жан-жақты құқықтық кеңестер берді.

         Кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты әрі түсінікті жауаптар алып, заң аясында әрекет етудің тиімді жолдарымен танысты.