
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы И.Игамбердиев «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндірістік құрылымдық бөлімшесі «Ембімұнайэнерго» басқармасы өндірістік алаңында жауапты өкілдер мен жұмысшылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Игамбердиев И. еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша еңбек заңнамасының талаптарына құқықтық түсіндірме беріп кәсіпорындарда кәсіби тәуекелдерді бағалау жүргізудің маңыздылығын түсіндіріп, жұмысшылардың сұрақтарына жауап берді.