
Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Иманғалиев жұмыс барысы аясында «ИНТАГО КАЗАХСТАН» ЖШС-не барып, кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысты. Кездесу барысында мекеменің негізгі жұмыс бағыттары, өндірістік үдерістері және еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары қаралды.
Кездесу барысында кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, өндірістік тәртіпті нығайту және еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Еңбек заңнамаларының талаптары мен еңбек қауіпсіздігін сақтау қағидалары кеңінен түсіндірілді.
Департамент басшысының орынбасары К.Иманғалиев өз сөзінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және өндірістік мәдениетті арттыру мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпорын ұжымымен ашық пікір алмасу өткізіліп, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты нығайтуға және заңнама талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруға уағдаласты.
Іс-шара аясында түсіндіру жұмыстары толық көлемде жүргізіліп, қатысушыларға қажетті ақпараттар мен әдістемелік ұсынымдар берілді.