
Атырау облысында еңбек заңнамасының орындалу барысы «Caspian News» телеарнасының «Бүгінгі тақырып» бағдарламасында кеңінен талқыланды. Бағдарламаға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Иманғалиев Кемел Құрманғалиұлы қатысты.
Эфир барысында өңір тұрғындарымен ашық байланыс орнату мақсатында еңбек саласында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелері мен өзекті мәселелері көтерілді. Атап айтқанда, еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытында жүргізілген бақылау-қадағалау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтау деңгейі, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы мәселелері де сөз болды.