
28 сәуірде Атырау мұнай өңдеу зауытында Дүниежүзілікеңбекті қорғау күніне арналған командалық зияткерліксайыс ұйымдастырылды. Бұл шара зауыт бөлімшелерініңбасын қосып, қауіпсіз еңбек мәдениетін ілгерілетудіңмаңызды алаңына айналды.
Қатысушылар өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғаусаласындағы білімдерін сарапқа салып, командалықауызбіршілікті, жылдам шешім қабылдау қабілетін жәнестандартты емес жағдайларда әрекет ету шеберліктерін көрсетті.
Сайысқа білікті қазылар алқасы төрелік етіп, баға берді. Олардың қатарында, кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Бақыт Өтебалы, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Арман Димұқашев, Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Сырбай Жанесенов болды.
Интеллектуалды доданың нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1-орын: Орталық зауыт зертханасы (ОЗЗ), 2-орын: КжКӨ, 3-орын: БӨАжА.
Жеңімпаздар мен ерекше көзге түскен қатысушылар ақшалай сыйлықтармен және ынталандыру сертификаттарымен марапатталды.
Мұндай бастамалар кәсіпорындағы қауіпсіздік мәдениетін нығайтып, еңбек қауіпсіздігі – тек ережелер жиынтығы емес, әрбір қызметкердің ортақ жауапкершілігі екенін дәлелдейді.