«Атырау вагон құрастыру зауытында» еңбекті қорғау бойынша үздік топ анықталды

«Атырау вагон құрастыру зауытында» еңбекті қорғау бойынша үздік топ анықталды

         2026 жылы «Атырау вагон құрастыру зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері 28 сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметтер, оның ішінде «Биіктікте жұмыс жасау», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Өрт қауіпсіздігі» номинациялары бойынша командалық байқаулар өткізіліп, оған Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары қатысты.

         «Атырау вагон құрастыру зауыты» ЖШС-мен өткізілген байқауда үш топта мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсетіп, бағалау нәтижесімен Жартылай люкті вагондар жасау цехының жұмыскерлері Департамент басшысының «Үздік топ» номинациясымен марапатталды.