
28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
Еңбек - өміріміздің ажырамас бөлігі болғандықтан, әр жұмыскер қауіпсіз еңбектің болғанын қалайды.
Еңбекті қорғау қызметкерге, жұмыс берушіге және жалпы қоғамға өмірлік қажет.
Әрбір жұмыс орнында қызметкердің өмірін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін сақтауға жұмыс беруші мен қызметкерлердің күш-жігерін біріктіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Жыл сайын 28 сәуірде бүкіл әлемде Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күні аталып өтеді.
2026 жылы «ТексолТранс», «Махамбет Вагон Сервис», «West Terminal» «ВКМ Атырау», «Рип Газ», «Атырау вагон құрастыру зауыты», «Ақ-Жайық -7» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері 28 сәуір — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметтер, оның ішінде «Биіктікте жұмыс жасау», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Өрт қауіпсіздігі» номинациялары бойынша командалық байқаулар өткізді.
Аталған іс-шараларға Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары қатысып, байқау қорытындысымен ең «Үздік топ» деп танылған «West Terminal» ЖШС-нің жұмысшыларын Департамент басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды.