«Ембімұнайгаз» АҚ-да еңбекті қорғау саласындағы үздіктер анықталды

«Ембімұнайгаз» АҚ-да еңбекті қорғау саласындағы үздіктер анықталды

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Ембімұнайгаз» АҚ және оның басқармаларында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметтер бойынша байқау өткізілді.

         Байқау нәтижесімен  Департамент басшысының Құрмет грамотасымен «Үздік еңбекті қорғау қызметі» номинациясымен - «Ембімұнайгаз» АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Боқаева Ақмарал Өтегенқызы;

         «Үздік еңбекті қорғау инженері» номинациясымен – «Ембімұнайгаз» АҚ «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі аға инженері Мусин Марат Жұмабайұлы;

         «Еңбекті қорғау білгірі» номинациясымен – «Ембімұнайгаз» АҚ «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы №4 мұнай-газ өндіру цехының Забурын кен орны қабат қысымын сақтау операторы Халидуллин Амангелді Атенұлы марапатталды.

         Сонымен қатар, «Оқиғасыз күндер» номинациясы бойынша «Ембімұнайэнерго» басқармасы І орынға ие болды (3766 күн).

         Басқа номинациялар бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтарды «Ембімұнайгаз» АҚ бас технологы Серік Абдиев, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Муратбек Куримов табыс етті.

         Айта кету керек, осы бағыттағы байқаулар Компанияға қарасты өзге де өндірістік-құрылымдық бөлімшелерде ұйымдастырылды.