
2026 жылғы 21–23 сәуір аралығында кәсіпорынның оқу орталығында «Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша үздік қызметкер» байқауы ұйымдастырылуда.
Тестілеуге 110 қызметкер қатысуда — әр технологиялық қондырғыдан 2–3 өкілден.
Сынақ барысында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Өмірлік маңызды қағидалары бойынша 50 сұрақ қамтылған.
Тестілеу қорытындысы бойынша үздік қызметкерлер анықталып, марапатталып және ынталандырылады.
#АНПЗ #«Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады» #ҚМГ