
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы И. Әубәкіров брифинг өткізді. Брифинг барысында азаматтардың өтініштерін қарау, еңбек құқықтарын қорғау, тексерістер жүргізу және анықталған заң бұзушылықтар бойынша атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелері баяндалды.
Сонымен қатар, өндірістік жарақаттану, еңбекақы берешектері, электрондық еңбек шарттарын енгізу және еңбек тәуекелдерін мониторингтеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту және жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру бағытындағы шаралар атап өтілді.