
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Tecnicas Reunidas (Испания)» және «Sinopec Engineering Incorporation» компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді. Аталған компаниялар Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан «Бірінші интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы» жобасына тартылған.
Жоба «Қарабатан» өнеркәсіптік аймағында, Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы аумағында жүзеге асырылуда. Жобаның операторы – «Силлено» ЖШС.
Кездесу барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, «Еңбек» электрондық еңбек биржасына (Enbek.kz) деректерді уақтылы енгізу, ұжымдық шарттарды әзірлеу, сондай-ақ қосалқы мердігер ұйымдар деңгейінде еңбек заңнамасының сақталуына вертикалды бақылауды жүзеге асыру мәселелері қаралды.