
2026 жылғы 10 сәуірде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл К.Иманғалиевтың, сондай-ақ Атырау қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы А.Жантуринаның қатысуымен Департамент қызметкерлері үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған және қызметі тоқтатылғаннан кейін қайтадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру тәртібі бойынша түсіндірме берілді.