
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің жоспарына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторы Үбіғалиева Самал Жалғасқызы ағымдағы жылдың сәуір айының 8 күні Қызылқоға ауданына қарасты білім саласының 74 қызметкерінің қатысуымен өткен семинарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, оның ішінде жазатайым оқиғаларға, еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандарға, еңбек шарттарын уақыттылы, толық, дұрыс тіркелуіне, ұжымдық шарттың маңыздылығына қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі бойынша толық құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, слайдтар көрселді.
Сондай-ақ, семинарда талқыланған бағыттар бойынша еңбек заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктер көзделгені де қатысушылардың назарына жеткізілді.
Семинар қорытындысымен қатысушылардың сауалдарына толық жауап беріліп, қызмет барысында қажетті ақпараттық құжаттар ұсынылды.