Индер ауданында еңбек қауіпсіздігі және еңбек шарттары мәселелері талқыланды

Индер ауданында еңбек қауіпсіздігі және еңбек шарттары мәселелері талқыланды

        Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің жоспарына сәйкес,  мемлекеттік еңбек инспекторы Үбіғалиева Самал Жалғасқызы  ағымдағы жылдың сәуір айының 7 күні Индер ауданына қарасты білім саласының 93 қызметкерінің қатысуымен өткен семинарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, оның ішінде жазатайым оқиғаларға, еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандарға, еңбек шарттарын уақыттылы, толық, дұрыс тіркелуіне, ұжымдық шарттың маңыздылығына қатысты  Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі бойынша толық құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, слайдтар көрселді және осы бағыттар бойынша еңбек заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктер  көзделгені де семинар қатысушылардың назарына жеткізілді.

        Семинар қорытындысымен қатысушылардың сауалдарына толық жауап беріліп, қызмет барысында қажетті ақпараттық құжаттар ұсынылды.