
2026 жылғы 1 сәуірде Исатай ауданында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру, ұжымдық шарттарды жасақтау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы Самал Үбіғалиева, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары, бақылау тетіктері, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі мен зиянды еңбек жағдайларына қатысты құқықтық нормалар кеңінен баяндалды.
Жиында ұжымдық шарттың маңызы атап өтіліп, оны әзірлеу және жасасу тәртібі түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.