Махамбет ауданында «Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің базасында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру, ұжымдық шарттарды жасақтау» тақырыбында семинар өтті

Махамбет ауданында «Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің  базасында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру, ұжымдық шарттарды жасақтау» тақырыбында семинар өтті

2026 жылдың 27 наурыз күні Махамбет ауданында «Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің  базасында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру, ұжымдық шарттарды жасақтау» тақырыбында семинар өтті.

         Аталған шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы Самал Үбіғалиева,  «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі,  «Білім беру білім беру ұйымдарының басшылары, шаруашылық меңгерушілер және іс-қағаз жүргізушілер қатысты.

         Семинарды «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аққали Ахмет ашып, келген қонақтармен таныстырды. «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша маманы Халидолла Тайпанов еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бақылау тетіктері, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берілді.

         Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы Самал Үбіғалиева еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын рәсімдеу тәртібі туралы кеңінен түсіндірді. Ауыр және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстардың тізбесі, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы, жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысы мен еңбекақының жоғарлатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістер, кәсіптер мен лауазымдар жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарға тоқталып өтті.

         Семинар барысында ұжымдық шарттың ұйымдағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдері арасында жасалатын маңызды құқықтық құжат екені атап өтілді. Сондай-ақ ұжымдық шартты әзірлеу мен жасасу тәртібі кезең-кезеңімен түсіндірілді.

         Кездесу соңында ұйым басшылары өздерін толғандырған мәселелері бойынша нақты жауаптар алып, пікір алмасты.