
2026 жылғы 16 наурызда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл К.Иманғалиев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның көріністеріне жол бермеу мақсатында жоспарлы профилактикалық бақылау жүргізуді бастамас бұрын қызметкерлерге әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмысын өткізді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге қызметтік әдеп қағидаларын сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге қолданыстағы заңнама талаптары, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау қажеттілігі туралы айтылып, кез келген құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатының маңыздылығын атап өтті.
2026 жылдың 1-жартыжылдығында 7 кәсіпорында профилактикалық бақылау жүргізу жоспарланған.
Аталған түсіндірме жұмыстары алдағы бақылау іс-шараларын жоғары деңгейде, ашық және заң талаптарына сәйкес жүргізуге бағытталған.