
2026 жылғы 13 наурызда Жылыой ауданы білім бөлімінің №10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ұжымымен кездесу өтті.
Кездесуге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары Д.Ахметова және С. Жанесенов қатысып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптары бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек заңнамасын сақтау мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті түсіндірмелер берілді.