«Eurasia Support Services» ЖШС басшылығымен қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және жұмыс берушінің міндеттері мәселелері талқыланды

«Eurasia Support Services» ЖШС басшылығымен қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және жұмыс берушінің міндеттері мәселелері талқыланды

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы И. Әубәкіров «Eurasia Support Services» ЖШС басшылығы  Энтони Юкич және Н. Плешовпен  кездесті.

            Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі нормалары түсіндіріліп, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және жұмыс берушінің міндеттері мәселелері талқыланды.

            Кездесу қорытындысы бойынша компания басшылығына еңбек ұжымымен еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және қызметкерлердің құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.