
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай департаментте салтанатты шара өтті. Іс-шара барысында департамент басшысы И.Аубакиров ұжымдағы әйел қызметкерлерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың еңбегі мен кәсіби жетістіктерін ерекше атап өтті.
Департамент басшысы өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы, мемлекеттік қызметтегі және ұжым өміріндегі маңызды рөлін атап өтіп, олардың жауапкершілігі мен адал еңбегі мекеменің дамуына үлкен үлес қосып отырғанын айтты.
Салтанатты жиында бірқатар қызметкерлерге қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, жоғары кәсібилігі мен департамент жұмысына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.