Құрманғазы ауданында еңбек шарты, еңбек қауіпсіздігі, ұжымдық шарт және сталкинг бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

Құрманғазы ауданында еңбек шарты, еңбек қауіпсіздігі, ұжымдық шарт және сталкинг бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы  мен  Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің жоспарына сәйкес,  мемлекеттік еңбек инспекторы Үбіғалиева Самал Жалғасқызы  ағымдағы жылдың ақпан айының 27 жұлдызында Құрманғазы ауданына қарасты 63 мекеме өкілдерінің қатысуымен «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» еңбек шарттарын уақыттылы, толық, дұрыс  тіркелуін, еңбек шартына қатысты ҚР ӘҚБтК-не енгізілген өзгерістің 2026 жылғы наурыз айынан бастап  күшіне енетіні, яғни еңбек шартарын тіркеу тәртібі бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершіліктің көзделгені, ұжымдық шарттың маңыздылығын, оны жүйеге тіркелуін (цифрландыру), кәсіпорындар қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының жасақталуын, азаматтарды некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру, нөлдік төзімділікті қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстарының қорытындысымен қызметкерлердің сауалдарына толық жауап берілді.