
26 ақпан 2026 Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы Игамбердиев И. «Multicatering Service» ЖШС және «Faire Safety West region» ЖШС-нің өндірістік алаңында жауапты өкілдер мен жұмысшылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Игамбердиев И. еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша еңбек заңнамасының талаптарына құқықтық түсіндірме беріп кәсіпорындарда кәсіби тәуекелдерді бағалау жүргізудің маңыздылығын түсіндіріп, жұмысшылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, «Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» ақпараттық науқаны аясында сталкинг (жүйелі түрде қудалау), некеге мәжбүрлеу және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол сталкингтің құқықтық салдары, жауапкершілік шаралары және мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді.